ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Жетісудан» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 13-турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Жетісудан» басым түсті
Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Соңғы алты турда бес мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірген қостанайлық «Тобыл» сол сәттілік сериясын жалғастырды. Олар өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдаған еді. 

Кездесу барысында қостанайлық клубтан Жаслан Жұмашев 19-минутта есеп ашса, 72-минутта Ислам Чесноков басымдықты арттырды. 

Оған «Жетісу» сапынан Руслан Болов 81-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Дәл осындай есеппен семейлік «Елімай» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» жеңді.

Бұл ойында семейлік клубтан Фессу Плакка 4, Жан-Али: Пайруз 91-минутта мергендік танытса, 76-минутта «Тұран» сапынан Ерасыл Сәрсенбай көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Аталған турда көкшетаулық «Оқжетпес» Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Қазірге дейін алматылық «Қайрат» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарды» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Жеңіс» «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді.

Енді 22 маусымда «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар