ҚПЛ: «Тұран» мен «Ұлытау» тең ойнады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-турының алғашқы ойын күні аяқталды.

ҚПЛ: «Тұран» мен «Ұлытау» тең ойнады
Фото: Kffleague.kz

Турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі жанкүйерлер қызығушылығын туғызды. Турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан екі команда жеңіске жетуге барынша күш салды. Нәтижесінде командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Айта кетсек, 13 қыркүйекте «Атырау» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 1:0 есебімен жеңсе, петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1, шымкенттік «Ордабасы» астаналық «Жеңісті» 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Енді 14 қыркүйекте 17:00–де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», 19:00–де «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік айқасады.

Сондай-ақ 16 қыркүйекте 15:00–де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.
 

Соңғы жаңалықтар