ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІ турының алғашқы ойын күні өтті.

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті
Фото: «Тұран» футбол клубы

Бұл күнгі ойындарды «Тұран» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі түйіндеді. 

Турнир кестесінде соңғы орындарды місе тұтқан командалар ойынында түркістандық клуб 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде 12 ойыннан кейін жеңіске жетті. Олар мамыр айынан бері 11 мәрте қарсыласына есе жіберіп, 1 мәрте тең түсті. 

Бүгін алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімайына» 2:3 есебімен жол берсе, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.

Сондай-ақ 17 тамызда 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Астана» мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.

Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап тұр. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар