«ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан кәсіптік лицейдің материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін 1,5 млн. доллар қарастырылып отыр

ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақсай қаласындағы №15 кәсіптік лицейдің материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін «ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан биыл 1,5 млн. доллар қарастырылып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш компанияның еңбек ресурстарын басқару департаментінің бастығы Серджио Зановеллоның айтуынша, әлеуметтік серіктестік бағдарламасы аясында жергілікті кәсіптік лицейді қолдау мақсатында өткен жылы құрал-жабдықтар алуға 30 мың доллар бөлінген болатын. Бұдан өзге жартығасырлық мерейтойына орай лицейге 10 мың доллардың чегі де табыс етілді. Мұнай-газ саласы бойынша жоғары білікті жұмысшы мамандарды даярлайтын лицей базасында Ақсай аймақтық оқу орталығы да жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ 2007 жылдан бастап қазақстандық және ресейлік кәсіптік білім беру ордалары арасындағы өзара әріптестік туралы келісімге сәйкес ақсайлық лицей Ресейдің Балаков (Саратов облысы) қаласындағы №38 кәсіптік лицеймен де тығыз байланыста.
Соңғы жаңалықтар