ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Финляндия СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісімен кездесті

АСТАНА: 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ҚР Адам құқықтары бойынша уәкілі АсқарШәкіров Қазақстанға жұмыс бабымен келген Финляндия СІМ-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Лаура Рейниломен кездесті, деп хабарлады омбудсменнің баспасөз қызметі.
None
None

Финляндияның Төтенше және Өкілетті елшісі Микко Киннуненнің қатысуымен өткен кездесу барысында бірнеше мәселелер көтерілді. Атап айқанда, халықтың жағдайы нашар бөлігінің, соның ішінде ауыл әйелдерінің, мүмкіндігі шектеулі балалар мен азаматтардың әділ заңдылыққа қол жеткізуін жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырумен, сонымен қатар халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттарды ұлттық заңнамаларға енгізумен байланысты мәселелер сөз болды.

А. Шәкіров өз кезегінде Қазақстандағы адам құқықтары институтының қызметінің ерекшеліктерімен, адамдардың құқығын қамтамасыз етудегі білескен жобалардың берген нәтижелері жөнінде келген қонақтарға ақпарат берді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастық мен маңызды мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға дайындықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар