ҚР Әділет министрлігі ЕАЭО аясында екі мыңнан астам жобаға сараптама жүргізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі ЕАЭО аясында экономикалық интеграция саласында екі мыңнан астам жобаға сараптама жүргізді. Бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ қызметі аясында халықаралық шарттарды бекіткенге дейін және Еуразиялық экономикалық комиссиямен шешімдер қабылданар алдында Әділет министрілігі бұл құжаттарға заңнама бойынша сараптама жасайды. Бұл шешімдер адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығына, Тәуелсіздікке, Республиканың басқару тәртібіне, аумақтық тұтастыққа ықпал етпеуі тиіс.

«ЕАЭО жұмысын бастағалы экономикалық интеграция саласында екі мыңнан астам (2176) жоба сараптамамен қамтылды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Әділет министрлігінің жұмысын Комиссия және басқа мүше-мемлекеттер оң бағалады»,-деді Б. Имашев. 

Соңғы жаңалықтар