ҚР АШМ мен Қазақстан Ғарыш Сапары Мәскеудегі байқаудың номинанттары атанды

«Жобалық Олимп» байқауын РФ Үкіметі жанындағы Сараптамалық орталық 2014 жылдан бері өткізіп келеді. Оның мақсаты - жобалық басқарудың тиімді құралдардын белсенді түрде енгізетін түрлі деңгейдегі мемлекеттік сектор ұйымдарына қолдау көрсету; жобалық, бағдарламалық-мақсатты басқару мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік сектор ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау. Әділқазылар алқасы РФ Президенті Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, министрліктер мен ведомстволар және сарапшы қауымдастық өкілдері болған байқауда жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады.
2016 жылы байқауға қатысуға 300-ден астам өтінім түскен, оның ішінде 30 қатысушы ғана ақтық сынға өткен. «Жобалық Олимп - 2016» ерекшелігі байқауға алғаш рет қатысса да, шыққан үш қазақстандық ұйымның финалға шығуы болды. Осылайша, қазылар алқасының шешімімен, «Ұйымның жобалық қызметін басқару жүйелері» номинациясы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ екінші орынға лайық деп танылды. Ұйымға «Жобалық менеджмент» сериясының ұлттық және халықаралық стандарттарына сәйкес сертификаты табысталды. Дәл осы номинация бойынша үшінші орын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді, сондай-ақ ҚР АШМ «Жобалық қызметті стратегиялық басқарудағы тиімді шешім үшін» арнайы сыйлығына да ие болды. Ал «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Кешенді жобаны басқару жүйесі» номинациясының финалисі дипломымен марапатталды.