ҚР АШМ отандық кәсіпкерлерді жасырын демпингтен қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді тартуды ұсынды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков отандық кәсіпкерлерді жасырын демпингтен қорғау үшін қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастықтарды жұмылдыруды ұсынды.
None
None

Бұл жайында ол бүгін өткен Үкімет отырысында айтты.

Осы орайда А. Мамытбеков еліміздің кәсіпкерлері демпингке қарсы үдерістерді бастау үшін қажетті құжаттарды дайындаудың тәртібін көбінесе білмей жататынын жеткізді. Сонымен қатар бұл шаралар едәуір шығынды қажет етеді. Нәтижесінде тиісті шаралар қабылданбай, аяқасты қалады.

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен шет елдерде кәсіпкерлердің құқы мен мүддесін қорғау тұрғысында қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастықтар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету керек.

Соңғы жаңалықтар