ҚР АШМ: Павлодар облысында жұттан қырылды деген малдың жартысының ғана өлексесі табылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жұттан қырылды деген малдың жартысының ғана өлексесі табылды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков БАҚ өкілдеріне мәлім етті.

«Жалпы айтқанда, жұт деп отырғанымыз екі ғана шаруашылықта орын алған. Олардың мәлім еткен - 535 малдың қырылу дерегі анықталған жоқ. Табылғаны 250-ге ғана жуық. Қалған малдың тұяғы да, сүйегі де жоқ. Сондықтан да бұл жерде бұрмалаушылық бар деп ойлаймын», - деді А. Мамытбеков.

Министрдің атап өтуінше, аталған екі шаруашылықта қысқа қажетті жем-шөп дайындалмаған. Сондықтан мұны жұт деп айтуға келмейді. Сондай-ақ белгілі болғаны аталған шаруашылықтарда басқа да адамдардың малы болған. Ал олардың қайда кеткендігін алдағы уақытта құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар