ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы БҚО-ның су қоймалары мен бөгеттерінің, кәсіпорындарының жұмысымен танысты

ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевпен бірге өңірдегі су қоймалары мен бөгеттердің, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
None
None

Кеше олар Қазталов және Жаңақала аудандарындағы су қоймалары мен өзендердің жай-күйін  барласа, бүгін облыс орталығында болды.

«Бұл өңірге келгендегі мақсат  облыс жағдайымен жете танысу болатын. Қазір аумақ Ресей елінен келер көлемді суды күтуде. Олардағы су қоры орташа қалыптан 1,5 есеге артуда. Біз барлық су қоймаларын, арналарды әуеден бақылау арқылы байқап-бағамдадық. Олардың әзірлігі 100 пайыздық деңгейде деп айтуға болады. Егер қар бірден тез еритін болса, тасқын болу қаупі бар. Алайда бүгінгі таңда облыс көлемінде қардың негізгі бөлігі кетті. Сондықтан өткен жылғыдай тасқын болмайды деген үміттеміз», - деді Ислам Әбішев.

И.Әбішев Орал қаласындағы «Омега» зауытында болып, «Таза су» қондырғысын шығару жұмысымен танысты. «Республика көлемінде жүзеге асып жатқан «Ақбұлақ» бағдарламасы ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатын көздейді. Жекелеген ауылдар халық саны аз және шалғай орналасқандықтан, оларға су құбырын тарту тиімсіз. Оған көп қаржы да қажет. Осы себепті мұндай жерлерге «Таза су» қондырғысын орнатқан дұрыс деп есептеймін», - деді ол.

Комитет төрағасы Жаңақала және Қазталов аудандарында тозығы жеткен гидроқұрылымдар жөнделетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар