17:55, 21 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР аумағында қос бірдей интернет казиноның қызметі тоқтатылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасы ойын бизнесі туралы заңнаманың қолданылуына мониторинг жүргізу барысында елімізде екі ірі (казиногранд.рф, www. Pokerstars1.com) сайттың (ойыншыларының саны - 1,5 млн. адам) заңсыз қызмет етіп келгенін анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты аудан прокурорының талабын толық қанағанттандырды. Сот шешімімен ҚР аумағында аталған қос сайттың қызметіне тыйым салынып, тоқтатылды.