15:58, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Ауыл шаруашылығы министріне Қарағандыдағы әлеуметтік павильон ұнады
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Қарағанды облысының әлеуметтік павильон тәжірибесін бүкіл елімізде тарату қажет деп санайды.
Бұл жөнінде ол бүгін аймаққа жасаған сапарының барысында Қарағандыдағы әлеуметтік павильонда болғаннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Облыс басшылығының бастамасымен ашылған әлеуметтік павильонның халықты әлеуметтік қорғаудағы маңызы айрықша», ? деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі. Қарағандыда қазір 15 әлеуметтік павильон жұмыс істейді, ал биылғы жылы олардың тағы да 30-ын, оның ішінде сауда рыногының аумағында ашу жоспарланып отыр. Бұл өзін тиімді жағынан таныта білген бағаны тежеу тәсілдерінің бірі. Әлеуметтік павильондарда сатылатын көкөністер мен жемістер базарлар мен дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзан.