ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекітті

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжаен Мамытбеков «Ауыл шаруашылығы жануарларының  кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.
None
None

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 3-3/222

2012 жылғы 27 сәуір,Астана қаласы

Ауыл шаруашылығы жануарларының  кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                                                        Министр А. Мамытбеков.

Ауыл шаруашылығы жануарларының  кепілін тіркеу қағидалары республикалық БАҚ-тарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар