ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігі республиканың су қоймаларына шамамен 160 млн. құнды балық түрлерін жіберуді жоспарлап отыр

Суға 70-100 гр. салмақпен 1,5 мың тұқы түсірілді, деп хабарлады введомствоның баспасөз қызметі.
Жыл сайын республика бойынша «Балық ресурстарын қайта өндіру» бюджеттік бағдарлама шеңберінде ҚР АШМ Балық шаруашылығы Комитетінің кәсіпорындары су қоймаларын балықтаға толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы бағдарлама шеңберінде «Майбалық балық питомнигі» РМҚК Есіл өзені, Есу арнасы және Вячеславка су қоймасын 41 млн. тұқы шабақтарымен балықтандыруды жоспарлап отыр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалу орындарын құруға мүмкіндік беріп, спорттық және әуесқойлық балық аулау кәсібінің дамуына ықпал етеді.
2011 жылы аталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің кәсіпорындары 160 млн-ға жуық дананы құрайтын балық шабақтарының жіберілуні жоспарлап отыр.
Негізінде республиканың балық шаруашылығы су қоймалары балықтардың тұқы, бекіре, сиг тұқымды және басқа да өсімдік қоректі түрлерімен балықтандырылуда. Сонымен, ағымдағы жылы Атыраудағы бекіре өсіру зауыты Жайық өзені мен Каспий теңізіне бекіре тұқымдас балықтар (ақсерке, сүйрік, бекіре, шоқыр) шабақтарының 7,3 млн-ға жуық данасын жіберді.