08:25, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Ауыл шауаршылығы министрі Америка Құрама Штаттарына сапар жасады
АСТАНА. Қыркүйектің 22-і. ҚазАқпарат - Өткен аптада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Америка Құрама Штаттарына сапар жасады,

деп хабарлайды АҚШ-тағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Дакота штатының губернаторы Джон Ховвенаның шақыруы бойынша А.Күрішбаев Фарго қаласында өткен «Биг Айрон Фарм Шоу 2010» (Big Iron Farm Show 2010) халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты, сонымен қатар Вашингтонда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан министрі америкалықтармен жаһандық азық-түлік қауіпсіздік жүйесіндегі Қаақстан рөлін талқылады.
Кездесу қорытындылары бойынша, ауыл шаруашылығы саласында өзара түсіністік туралы екіжақты меморандум аясында ынтымақтастықты жалғастыра беру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.