ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің басшысы Павлодар облысының мал дәрігер инспекторларына 14 көлік тапсырды

None
None
7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол облыс қалаларын азық-түлікпен қамтамасыз ететін және өздерінің өнімдерін жақын шетелге экспорттайтын аймақтың ірі шаруашылықтарында болды. Министр барған бірінші нысан - Павлодарда салынып жатқан дәнді және май өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылығы 30 мың тонна заманауи «Агро» ЖШС-нің элеваторы. Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтылады. Құрылыс 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады.

Облыс орталығында облыстың мал дәрігер инспекторларына 14 көлікті тапсыру рәсімі болып өтті. Мемлекет жақында құрылған мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитеті аймақтық бөлімшелерінің технологиялық жабдықталуына назар аударып отыр. Кілттерді табыстай отырып, министр мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін жоғарылату бойынша бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес Мемлекет басшысы мал шаруашылығы саласына мал дәрігерлік қауіпсіздік және эпизотикалық жағдайды жақсарту бойынша үлкен міндеттер жүктегенін атап өтті. Бұл мәселелер Қазақстанның кеден одағына кіру және күтіліп отырған ДСҰ-ға кіру алдында аса маңызды болып келеді.

Жұмыс сапары барысында ҚР Ауылшаруашылығы министрімен бірге аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев еріп жүрді.

Соңғы жаңалықтар
telegram