ҚР Ауыр атлетика федерациясы спортшылардың ұзақ мерзімге спорттан шеттетілуіне қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ААФ-ы Американың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатынан кейін допинг-сынамада тыйым салынған препарат табылған спортшылардың жарыстан шеттетілуі жайлы хабарлады.
None
None

Еске салсақ, допинг қабылдағаны үшін 2015 жылғы әлем чемпионы медальдарынан Жасұлан Қыдырбаев - 8 жылға, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртай - төрт жылға спорттан шеттетілген. Аталмыш мерзімі  - 2015 жылғы 21 желтоқсаннан басталады.

«Жарыстан шеттетудің ұзақ мерзімі спортшылардың олардың ағзасына тыйым салынған препараттардың абайсызда түсіп кету фактісін дәлелдей алмағанына байланысты. Будапештте өткен ХААФ тәртіптік комиссиясының пікірінше, атлеттер олар тұтынатын тағам қоспасына тиісті назар аудармаған», - делінген қазақстандық федерацияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2015 жылғы әлем чемпионаты 2015 жылғы 20-29 қарашада өтті. 94 келіге дейін салмақ санатында Өтешов күміс жүлдегер, Қыдырбаев қола иеленді. Өміртай 85 келіге дейінгі салмақта медаль ала алмады.

Бұдан бұрын Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан ауыр атлетика құрамасы екі жолдамадан айырылғаны жария етілді.

Бейжіңде, Лондонда өткен Олимпиада жеңімпаздарының допинг-сынамасын қайта тексеру нәтижесінде Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза,   Зульфия Чиншанлоның қанынан тыйым салынған препарат табылғанын анықтады.

Соңғы жаңалықтар