ҚР азаматтығын алуды жеделдету үшін Әзірбайжан азаматы полиция қызметкеріне пара ұсынды

АҚТӨБЕ.Шілденің 8-і. ҚазАқпарат  - Ақтөбелік құқық қорғаушылар полиция қызметкеріне пара ұсынды деген күдікпен Әзірбайжан азаматын  тұтқынға алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің  ақпараты бойынша, шетелдік азамат  2006 жылдан еңбек мигранттарына жалпы легализациялау  жүргізілген кезден бастап Қазақстанда жұмыс жасаған.

Шетелдік азаматқа берілген рұқсаттың мерзімі алдымыздағы желтоқсанда бітуі тиіс, ал Қазақстанда қалғысы келген 41 жасар әзірбайжандық  азаматтық алуды ойлаған. Осы шараны жылдамдату үшін ол Сазды көші-қон полиция  бөлімінің бастығына 50 000 теңге пара ұсынған. Алайда полицей пара ұсыну  фактісі туралы бастығына  хабарлаған.

Әзірбайжан азаматы  көші-қон полициясы бөлім бастығының қызметтік бөлмесінде 10 мың теңге пара беру кезінде ұсталды. Ақшаның қалған бөлігін ол құжат қолына тиген соң бермек болған.  Қәзір ҚР ҚК-нің 312-ші «пара беру» бабы бойынша айыпталып, үстінен қылмыстық іс ашылды. Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхат берді.

Соңғы жаңалықтар