ҚР Бас мүфтиі діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Ғасыр» мешітінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.

ҚР Бас мүфтиі діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды

Бас мүфти  жиналғандарды туған ұлы ата-анасын кәпір деп олардан бас тартатын діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.

- Егер мұсылман өзгені қасақана өлтірсе, оның орны - мәңгілік тозақ болмақ. Біздің заманда әрекетін дінмен бүркелегісі келетін адамдар бар. Дегенмен олардың дінге деген еш қатысы жоқ.  Дінде діни фанатизмнен сақтану керек. О дүниенің қамымен қатар, осы дүниенің жайын да ойлау керек, - деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.