ҚР Бас прокуратурасы мен Монако Князьдiгiнің Әдiлет департаментi ынтымақтастық орнатты
![None None](/static/img/plug.webp)
Кездесу барысында ведомствоаралық өзектi мәселелер жөнiнде, атап айтқанда, қылмыстылыққа қарсы күрес саласы, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту жайында сындарлы әңгiме мен пiкiр алмасу болды. Құқықтық салада мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелерiн талқылау жөнiнде уағдаластыққа қол жеткiзiлдi.
Келiссөздер қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуратурасы мен Монако Князьдiгi Әдiлет департаментi арасында Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылы Монако Князi II Альбермен кездесуi барысында қабылданған Бiрлескен декларацияны iске асыру мақсатында жасалды. Бiрлескен декларацияның шеңберiнде халықаралық қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайту бойынша бiрлесiп жұмыс iстеу туралы уағдаластыққа қол жеткiзiлген болатын.
А. Дауылбаев меморандумға қол қоюдың қазақстандық құқықтық жүйеге сенiмнiң артуын дәлелдейтн маңызды қадам екендiгiн атап өттi.
Тараптар атап өткендей, аталмыш оқиға Қазақстан мен Монако уәкiлеттi органдарының ынтымақтастықты одан әрi дамыту мен тереңдетуге мүдделiлiгiн, сондай-ақ қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ықпалдасуын қуаттап отыр.