ҚР Бас прокуратурасы уәкілетті органдардан балалар демалысының қауіпсіздігін сақтауды талап етті

кезеңде балалармен орын алатын қайғылы жағдай олардың демалысын ұйымдастыруға баса көңіл бөлуді талап етеді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының сайтында.
«Жаздың бірінші айында Ақмола облысы «Арман» лагерінде он екі жастағы қыз қайтыс болды. Өткен жылы СҚО-да «Серебрянный бор» балалар сауықтыру лагерінде тағам әзірлеу кезінде санитарлық қағидалардың бұзылуынан балалар мен ересектер жаппай уланған болатын (103 адам, оның 83-і балалар)», - делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, су қоймаларында балаларға аса сақ болу қажет. Мысалы 2015 жылы аумақтық прокурорлар деректеріне сүйенсек, республиканың су қоймаларында 15 бала суға кеткен. Жыл басынан бастап мұндай 64 жағдай тіркелген.
«Бас прокуратура жазғы демалыс басталар алдында уәкілетті органдарға балаларға ықтимал қауіптер жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды жіті қарап, тәрбиелеу қажеттігі талабымен тапсырма берген.
Балалар демалысын ұйымдастырған кезде қауіпсіздік қағидаларын мүлтіксіз сақтау, лагерлерді пайдалануға қабылдау кезінде заң бұзуға жол бермеу, медициналық қызметті, тамақтандыруды ұйымдастыру көрсетілген. Төтенше жағдай қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су қоймаларында балалардың өлімінің алдын алу бойынша барынша шараларды қабылдауға бағдарланды», - деп хабарлады Бас прокуратура.