ҚР Бас прокуратурасында қазіргі кезеңдегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселелері мен оны шешу жолдары қарастырылды

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада «Қазіргі кезеңдегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес: проблемалар және оларды шешу жолдары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет жасау жөніндегі шараларды жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
None
None

Осы конференцияны өткізу қажеттілігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастық мәселесінің айрықша өзектілігіне байланысты болып отыр, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Конференцияның жұмысына Германия, Ұлыбритания, Ресей сарапшылары, құқықтанушы ғалымдар, Жоғарғы Соттың, Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері қатысты.

Форум жұмысының ашылуында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И. Меркель ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес елдің құқық қорғау органдарының аса маңызды міндеті болып табылады деп атап көрсетті. Қазіргі замандағы ұйымдасқан қылмыс трансұлттық сипатқа ие болғандықтан, оған қарсы күрес кең ауқымды халықаралық ынтымақтастық негізінде бірлескен күшпен жүргізілуі тиіс. Осыған орай, әртүрлі елдердің күш-қуатын біріктіріп, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы саласын кеңейту жөнінде ұсыныс жасалды.

Ол ұйымдасқан қылмыстың қазіргі уақыттағы үдерістерінің бірі - өз қызметін заңдастыруға ұмтылу, атап айтқанда заңды кәсіпорындар құрып, қылмыстық жолмен алынған қаражатты соларға салу болғандықтан, ұйымдасқан қылмысты қаржыландыру фактілерін айқындау және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың маңыздылығына іс-шараға қатысушылардың назарын аударды.

Конференцияда кең пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу орын алды, қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіру жөнінде бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды.

Қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмысты бақылауға және оны тоқтатуға бағытталған өзара іс-қимылдың халықаралық жүйесін жасау, бірлескен профилактикалық шаралар қабылдау, құқықтық базаны жетілдірудің осы бағыттағы жұмысты едәуір жандандыруға мүмкіндік беретіні жөнінде ортақ пікірге келді.

Соңғы жаңалықтар