ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаев Тәжікстан, Украина, Ресей делегацияларының басшыларымен кездесті

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Тәжікстан, Украина Бас прокуратуралары делегацияларының басшыларымен, Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Василий Пискаревпен, сондай-ақ елімізге іссапарымен келген ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің атқарушы хатшысы Леонид Ермолаевпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында ведомство басшысы А. Дауылбаев елдер арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға деген ортақ мүддені, құқық қорғау саласындағы стратегиялық серіктестікті арттыратын өзара достастық пен жылы қатынастардың мән-маңызына тоқталды.

Одан әрі ынтымақтастықтың өзекті ведомствоаралық мәселелері бойынша әңгімелер және пікір алмасулар болды.

Әңгімелесуші тараптар атап өткендей, заманауи стратегиялық міндеттердің талабы бойынша, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күресте құқық қорғау органдары күштерінің тиімді өзара іс-қимыл ықпалдастығын күшейтудің өзектілігі өсе түскен. Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестегі проблемаларды еңсеруге арналған бірлескен күшті шоғырландыру қажеттігі ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде танылуда.

Осы бағытта шетелдік әріптестермен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында Заңсыз көші-қонға қарсы әрекет етуге қатысушы-мемлекеттердің 2012-2014 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру бойынша ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің Шешіміне қол қойылған.

ТМД Бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің атқарушы хатшысы Леонид Ермолаевпен болған әңгімеде адам саудасына қарсы әрекет ету, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету, терроризм және ұйымдасқан қылмыс саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Тараптар бүгінгі кездесу мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, құқықтық жүйе тәжірибелерімен алмасуды одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар