ҚР Бас прокуроры мен РФ Президентінің кеңесшісі екі елдің құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған ресейлік делегациямен кездесті.
None
None

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, делегация құрамында Әділет министрлігінің, Тергеу комитетінің, Жоғарғы соттың, Федералдық адвокаттар палатасының, Мәскеу заң академиясының және т.б. өкілдері бар. 

 Кездесуге қатысушылар қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының одан әрі ынтымақтастығының, заңдылықты қамтамасыз етудегі және қылмыспен күрестегі прокуратураның үйлестірушілік рөлін күшейтудің перспективалық бағыттарын талқылады.

Сұхбаттасушылар қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұру, аймақта тұрақтылықты нығайту үшін өзара іс-қимлды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Бас прокурор қонақтарға қадағалау органдарының сот ісін жүргізудегі бітімгершілік рәсімін енгізу, қылмыстық, қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамаларды жаңғырту  жөніндегі бастамалары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформалармен, Қазақстанда прокурорлық кадрларды іріктеу және дайындау тетіктерін жетілдірумен байланысты мәселелер талқыланды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындау туралы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов баяндап берді.

В.Яковлев жылы қабылдау және мазмұнды сұхбат үшін алғыс білдіріп, осы кездесудің нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі арттыру, екі елдің құқықтық жүйелерін дамыту тәжірибесімен алмасу жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар