ҚР Бас прокуроры ведомство ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Кездесу барысында А. Дауылбаев қадағалау органын құру және оның беделін арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаларын бекіту ісіне сіңірген еңбектері үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді. Прокуратура органдарының қазіргі ұрпақтары үшін олардың әрдайым таңдап алған ісіне адал қызмет етудің үлгісі болып қала беретінін атап көрсетті.
Бас прокурор оларға осы мерекеге арналған мерейтойлық медальдар табыс етті.
Ардагерлер ұйымдастырылған кездесуге және өздерінің мәселелері мен мұқтаждарына көңіл бөлгендері үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Олар өздерінің бұрынғы әріптестерімен әңгімелесуге, өткенді еске алуға және прокурорлық қызметкерлердің жас ұрпақтарымен танысу мүмкіндігіне ие болатын осындай кездесулерді асыға күтетіндерін айтты. Ардагерлер тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген прокуратура органдарының табыстарына өздерінің де үлестері бар екенін мақтанышпен сезінетіндерін атап көрсетті.