ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі отандық интернет-дүкендерге қазақстандықтардың сенімін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын - А.Жұмағалиев
деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кеңес Байланыс және ақпарат министрлігінің, «Казконтент» АҚ өкілдерінің және «Қазақстан Интернет Ассоциациясы» ЗТБ мүшелерінің қатысуымен өтті. Кездесу барысында Қазақстанда хостингті, пирингтік қатынастарды, электрондық коммерцияны дамыту үшін жағдайды жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.
Еске салатын болсақ, хостингті дамыту мәселесі осы маусымдағы кездесуде көтерілген болатын. Онда «Казконтент» АҚ «Қазтелеком» АҚ желілеріне жеңілдетілген қолжетімділікті хостинг-алаңдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ, «мегалайнерлер» үшін олардың ресурстарын «ішкі» етіп жасауды ұсынған болатын.
Кездесу барысында «Қазтелеком» АҚ коммерциялық директоры Асқар Есеркегенов «Интернет-трафикпен алмасу орталығы» қауымдастығына кіретін компаниялардың алаңдарында орналасқан абоненттерге әлеуметтік пайдасы бар сайттарға тегін кіруі үшін мүмкіндік беруге деген дайындығын хабарлады.
Баламалы хостинг алаңдары өкілдерінің пікірінше, «Қазақтелеком» ұсынысы - Казнетті дамыту ісіндегі алға басқан тағы бір қадам. Министр мүдделі тараптарға оның іске асырылуын созбауды және ұсынысты іс жүзінде көрсету үшін пилоттық сайттарды жедел анықтауды ұсынды.
«Казконтент» АҚ төрағасы Азамат Омаров Алма ТВ, СТС және Базис-телеком компаниялары «Қазақстандық бірыңғай интернет-кеңістік құру» туралы және оған басқа нарық мүшелерін қосу перспективалары туралы келісімге ағымдағы жылғы тамыздың 16-сында қол қойғаны туралы баяндады.
Ол «әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осындай шағын баламалы Интернет-провайдерлердің ынталары пирингтік қатынастарды және Интернет желісінің локалды сегменттерін дамытудың бастамасы» - деп атап өтті.
Мәжіліс аясында Асқар Жұмағалиев Қазақстанда электрондық коммерцияны дамытуға үлкен көңіл бөлінтіндігін атап өтіп, «е-коммерцияны дамыту қазақстандық экономиканы реформалаудың, әлемдік экономикаға ықпалдастырудың және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қуатты және тиімді құралдарының бірі болуы мүмкін» - деді.
«AWARD.kz ұлттық интернет-сыйлық» Қоғамдық қорының директоры Константин Горжанкинның сөзінше, «Интернет-пайдаланушылар үшін электрондық коммерцияны дамыту - бұл бәрінен бұрын - жаһандық таңдау, ұсыныстарды жылдам салыстырудың мүмкіншілігі, операцияларды жүзеге асырудың және бағаларды төмендетудің қолайлығы».
Байланыс министрлігінің басшысы хабарлағандай, бүгінгі күні министрлік осы мәселеге көп көңіл бөлуде. Құрылған «электрондық үкіметтің төлем шлюзінің» арқасында, бүгінде портал арқылы азаматтар кейбір қызметтерге тапсырыс беріп, салықтарды төлей алады. Сонымен қатар, Министр онлайн-да төлеуге болатын сервистер мен қызметтердің саны үнемі артатынын атап өтті.
Алайда, егер Интернет-дүкендер туралы айтатын болсақ, бұл бағытта Казнеттегі электрондық коммерция дамымаған. Әдетте, қазақстандық сайттардан Сіз тауарды таңдай аласыз, ал ақшалай төлеу мүмкіндігі тауарды алғаннан кейін ғана пайда болады. Себебі төлемдік сервистермен бірыңғай интегратордың жоқ болуында, - дейді Горожанин.
Бірыңғай интегратордың жоқ болуы - электрондық коммерция табысының негізі болса да, жалғыз құралы емес. Оған Интернет қолжетімділігінің дәрежесін, төлемнің ыңғайлы құралдарының бар болуын, жеткізудің ыңғайлы және қымбат емес тәсілдерін және дүкендерге интернет-сатып алушылардың сенім мәселесін жатқызуға болады.
Электрондық коммерцияны дамытудағы бөгеттің бірі заңнамада электрондық ақша түсінігінің жоқ болуы, ол тиісті Заңды қабылдаумен пайда болуы тиіс.
Кездесудің барысында Интернет-дүкендерге қазақстандықтардың сенімін арттыру үшін «Сенімді дүкен» қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Қауымдастықтың негізгі рөлі - электрондық коммерция саласынының беделді сарапшыларды тарту арқылы барлық қазақстандық Интернет-дүкендерді бағалау. Өз кезегінде олар Интернет-дүкендер қызметінің барлық аспектілерін бағалайтын көпфакторлы жүйені пайдаланып, сайттарда телефон нөмірлерінің және басқа да кері байланыс элементтерінің, жеткізу жүйесінің, төлемдер түрлерінің, техникалық қолдау қызметі өкілдерінің ниеттестілігінің және т.б. қызметтер пайда болады. Сонымен бірге кез келген интернет-дүкеннің бағаларымен таныса алатын және бұрын пайдаланған қызметтерге дауыс бере алатын интернет-ресурс құрылатын болады.
Асқар Жұмағалиев министрлік отандық интернет-дүкендерге қазақстандықтардың сенімін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігін айтып, өз сөзін қорытындылады.