ҚР БҒМ басшысы ҰБТ үшін балалар мен мұғалімдерге қысым көрсетпеуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰБТ-ға байланысты білім беру бөлімдері басшылары оқушылар мен мұғалімдерге қысым көрсетпеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Біз алдағы жылдан бастап мектеп және колледж түлектері ҰБТ тапсырады деп жоспарлап отырмыз. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны өзгереді. Барша дамыған елдерде секілді ол функционалдық сауаттылыққа қарай бағытталады. Тест тапсыру бір ретпен ғана шектелмейді. Сондықтан да мектеп директорларына, білім басқармалары мен бөлімдеріне айтарым: ҰБТ енді сіздердің рейтингтеріңіздің бөлігі болмайды. Енді ол рейтингтеріңізге әсер етпейді. Сондықтан, мұғалімдер мен оқушыларға қысым көрсетпеулеріңізді сұраймын. Жоғара оқу орындары беретін жаңа білім ауқымын игеруі үшін бізге функционалды сауатты бала керек»,-деді министр.