ҚР БҒМ Ғылым комитеті ғылым саласындағы сыйлықтарға конкурс жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылға жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлықтарға ізденушілікке және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға конкурс жариялайды.
None
None

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №830 «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия туралы» Қаулысының негізіндегі ғылым саласындағы ізденушілікке конкурс келесі сыйлықтар бойынша жарияланады:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық; - гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық; - педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық; - түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық; - жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық; - гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық; Сондай-ақ 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны тағайындау үшін, оның ішінде 50 талантты жас ғалымдарды анықтау үшін жұмыстарды қабылдау басталды. Конкурс шарттарын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің sc.edu.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2014 жылғы 20 тамыздағы №161 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарды конкурс жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде (авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан) қабылдайды, деп хабарланған ҚР БҒМ сайтында.

Соңғы жаңалықтар