ҚР БҒМ қоғамдық талқылау үшін 2018 жылы енгізілетін оқулықтарды жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орталыққа сілтеме жасап.

ҚР БҒМ қоғамдық талқылау үшін 2018 жылы енгізілетін оқулықтарды жариялады

«ҚР БҒМ «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды», делінген таратылған ақпаратта.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.