ҚР БҒМ мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығына өзгерістер енгізді. ҚазАқпарат бұйрықтың мәтінін жариялайды.

ҚР БҒМ мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 315

2014 жылғы 29 шілде, Астана қаласы

«2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «2014-2015 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9587 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (28363) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа жаңа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ.Шаймарданов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр А.СӘРІНЖІПОВ.

Бұйрықтың толық мәтіні ресми БАҚ-та жарияланған.