16:07, 27 Қазан 2015 | GMT +5
ҚР БҒМ мен «Асыл бала» республикалық қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым минстрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Асыл бала» республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлер бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
«Ынтымақтастықтың мақсаты - Қазақстанда балалардың құқықтары мен мүдделерін тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің күштерін бірлестіру. Меморандумның ережесіне сәйкес, Комитет пен Қауымдастық әлеуметтік, қайырымдылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы бірлесе жұмыс атқаруға ниеттелген. Меморандумға қол қою - комитеттің өз мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыруға жағдай жасауға, балалардың өмір сапасын жақсартуға қолдау көрсетуге дайын үкіметтік емес ұйымдармен, заңды тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен ашық конструктивті ынтымақтастыққа дайындығын көрсетеді», - делінген министрлік хабарламасында.
Қол қою рәсімінен кейін тараптар 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын талқылады.