ҚР БҒМ Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандағы үздік ұстаздарды анықтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 қазан сағат 11:00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандағы үздік ұстаздарды анықтайды

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мерекелік жиын барысында «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары анықталады.

Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Сондай-ақ мұғалімдерге бұл күні білім беру саласындағы жоғары награда – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі табысталады.

Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ «Хабар 24» республикалық телеарнасы арқылы сағат 11:00-де көрсетіледі.