ҚР БҒМ жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,
None
None

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Министрліктің атап өтуінше, кеңестің бірінші отырысында жастар ұйымдарының орталық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі мәселелері, сонымен бірге, оларды консультативтік-кеңес органдарының құрамына кіргізу, жастарды жұмысқа орналастыру және еңбекпен қамту шаралары, «Жастар - Отанға» даму стратегиясы қарастырылды. Жиында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша нақты мәселелер де талқыланды.

ҚР БҒМ жанындағы Үйлестіру кеңесінің қызметі жастар ұйымдары қызметін одан әрі жетілдіруге, жастар саясатын дамытуға және жастар ұйымдары мен мемлекеттік билік органдарының өзара сұхбатын дамыту мен нығайтуға бағытталған.

Үйлестіру кеңесінің отырысына жетекші жастар ұйымдарының басшылары, 15 орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар