ҚР БҒМ Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысын өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. Бұл туралы министрліктің басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі ашық саясат жүргізіп келеді. Біз жас ғалымдарды шақырып, Жас ғалымдар кеңесін құруды ұйғардық. Оған 40 жасқа дейінгі танымал ғылым өкілдерін қостық. Бұл кеңестің айтарлықтай салмақты өкілеттігі болады. 10 тамыз күні кеңестің алғашқы отырысын өткіземіз», - деді Асхат Аймағамбетов елордада «Burabay Forum» жас ғалымдар форумының ашылуында тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Жас ғалымдар кеңесіне 30 ғалым енген. Сәйкесінше, оларды түрлі үкіметтік емес және ғылыми ұйымдар ұсына алады.

«Қазір 2025 жылға дейінгі білім беру мен ғылымды дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Бұл жұмыстар аясында көптеген жастар мен мұғалімдерді шақырдық. Жалпы алғанда, бұл орган ғылымды дамытуға белсенді көмектеседі деп ойлаймын. Кеңес туралы ереже бекітілді. Үміткерлер сонда көрсетілген белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек», - деп атап өтті А. Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар