ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов ҚазГЗУ-де халыққа қызмет көрсету орталығын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақ гуманитарлық заң университетінде Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Ашылу салтанаты оқу ордасының бас ғимаратында өтті.
None
None

"ҚазГЗУ Халыққа қызмет көрсету орталығының басты мақсаты - бір терезе қағидасы бойынша студенттерге сапалы және жедел қызмет көрсету. Мұнда 40 шақты әртүрлі қызметтер көрсетіледі. Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, талапкерлер мен олардың ата-аналарына қажетті мәселелер бойынша қызмет көрсетеді. Соның ішінде құжат қабылдау, оқуға түсу, оқудан шығу, ауысу, білім алудағы өзгерістер, жатақханаға орналасу және тағы басқа мәселелер бойынша клиенттердің мұқтаждықтары орындалады. Бір өтінішті қарауға 15-20 минут уақыт кетеді», - деп атап өтті ХҚКО басқарма басшысы Ермек Аглаков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ХҚКО базасын Электронды үкіметке қосу жұмыстары қарастырылып жатыр. Бұл жұмыс іске асса, студенттер үйінен шықпай-ақ өз шаруаларын бітіре алады.

Айта кету керек, бұл еліміздегі осындай тұңғыш мекеме. Мұндай тәжірибе Германия, Ұлыбритания, Нидерланды елдерінде көптен бері қолданылып келеді.

Соңғы жаңалықтар