18:46, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Білім және ғылым министрі АҚШ Елшісімен білім саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландтың кездесуі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Америкалық дипломатпен кездесуде Қазақстанның білім беру ведомствосының басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-пен бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда «Жаңа университет» жобасы бойынша ынтымақтастық құруға мүдделілік танытып отырғандығын жеткізді.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада Еуразия аумағы бойынша бірегей білім және ғылым орталығы ашылмақ», - деп атап өтті Ж.Түймебаев. ? Нью-Джерсидегі Технологиялық институтпен, Кент университетімен, Питтсбург университетімен, Рочестер технологиялық институтымен меморандумдар жасалды. Гарвард университеті, Массачусет технологиялық институты, Стэнфорд университеті басшыларымен сәтті келіссөздер жүргізген біздің бірқатар қызметкерлеріміз кеше АҚШ-тан сапардан оралды. Алдағы сәуірде жоғарыда аталған білім ордалары өкілдерінің қатысуымен семинар өткіземіз. Ал қазан айында дайындық мектебі ашылады, оны тәмамдаған жастар тек Жаңа университетке ғана емес, сонымен қатар шет елдердегі алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарына түсе алады. Аталған халықаралық ірі жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін, біз АҚШ-тағы жетекші оқу орындарынан әріптестер таңдауда Сіздердің көмектеріңізге жүгінгіміз келеді», - деді министр Ж.Түймебаев. ҚР Білім және ғылым министрі ҚР аумағында жұмыс жасайтын америкалық мұнайгаз компанияларын тығыз ынтымақтастықты дамыта түсуге шақырды..Р.Хоугланд өз кезегінде жемісті өткен кездесу үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ АҚШ елшісі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл белсенділігін арттыру қажеттігін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында америкалық білім берудің мектеп бағдарламаларын аккредитациялау қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың басқа да бірқатар мәселелері талқыланды.