ҚР Білім және ғылым министрі өндіріске енгізілгелі жатқан инновациялық жобалармен танысты

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ведомствоның Дүниежүзілік банкпен бірлесіп орындайтын «Технологияларды коммерцияландыру» жобасының іске асырылу барысымен танысты.

ҚР Білім және ғылым министрі өндіріске енгізілгелі жатқан инновациялық жобалармен танысты

Бұл жоба Мемлекет басшысының инновациялық зерттеулерді дамытудағы жаңа саясатына қатысты тапсырмасы шеңберінде ерекше маңызға ие. Білім және ғылым министрлігімен отандық ғалымдарымен әзірленген технологияларды коммерцияландыру жүйесі қалыптастырылуда.

«Технологияларды коммерцияландыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде гранттық бағдарламалардың екі кезеңі аяқталды. БҒМ жанындағы Ғылыми және коммерцияландыру жөніндегі кеңеспен соңғы екі жылда 600-ге жуық ғылыми жобалар қарастырылып, олардың арасынан нәтижелерін өндірістерге енгізуге мүмкіншілігі мол деген 21 жоба іріктеліп алынды.

Үздік жобаларға ғылыми зерттеулері мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын аяқтау үшін гранттар ұсынылды. Сонымен қатар іріктеліп алынған жобалардың іске қосылуына тұрақты мониторинг жүргізіледі, әдістемелік және практикалық көмек жүзеге асырылады.

Жобалардың арасында нанотехнологияларды қолдана отырып мембраналық сүзгілерді әзірлеу, дәрілік препараттарды мөлшерлеу үшін тесттік құрылғылар әзірлеу, құрылыс материалдарының өндірісі үшін платификаторлар дайындау және тағы басқа жұмыстар жүзеге асырылуға әзір.

ҚР Білім және ғылым министрлігімен Астана қаласында Технологияларды коммерцияландыру орталығы (ТКО) құрылды. Бұл орталық жобалардың нәтижелерін одан әрі өндіріске енгізудегі барлық функцияларды жүзеге асырады. ТКО құзыреттілігіне патенттік қолдау, венчурлық қорлармен байланыстар орнату және технологияларды өндіріске енгізуге бағытталған басқа да шаралар жатады.

БҒМ басшысы жобаларды іске асырудың қарқындылығына, әзірлемелерден соңғы нәтижелер алуға және оны өндіріске енгізуге бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.