ҚР Білім және ғылым министрі ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады

«Құрметті әріптестер, педагогтар мен ұстаздық еткен ардагерлер! Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Ұстаз балаларға ең басты және ең қымбат байлық - білім береді. Еліміздің өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Сіздердің ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Өйткені, елдің бәсекелестік қабілеті осы білім деңгейімен өлшенеді», - деді бүгін министрі «Үздік ұстаз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.
А. Сәрінжіпов ұстаздарға кәсіби біліктілігі үшін алғысын айта келе, оларға шыдамдылық, ұзақ өмір, шығармашылық табыстар тіледі.
«Білім мен тәрбие берген шәкірттеріңіз Отанымыз - Қазақстан Республикасының атын әлемге таныта берсін!», - деп түйді министр.