ҚР Білім және ғылым министрі «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы» бұйрыққа қол қойды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы» бұйрыққа қол қойды.
None
None

* * *

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №198

2013 жылғы 27 мамыр, Астана қаласы

Жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2013-2014 оқу жылының басталу мерзімі 2013 жылғы 2 қыркүйек болып белгіленсін.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында - 34 оқу аптасы. Оқу жылы барысындағы каникулдар:
1) 1-11 (12) - сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 11-12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2013 жылғы 30 желтоқсан - 2014 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2014 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2013 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2013 жылғы 28 желтоқсан - 2014 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2014 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2014 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.
2. 2013 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында салтанатты жиын өткізілсін.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А.Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум