ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық герман қоғамы GIZ GmbH арасында ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойылды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық бойынша герман қоғамы GIZ GmbH  арасында «Орталық Азияның білім беру саласындағы өңірлік диалог» шеңберінде ынтымақтастықты дамыту туралы өзара Меморандумға қол қойылды.
None
None

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандум Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 8 ақпандағы Германия Федеративті Республикасына сапарының нәтижесі бойынша Республикада қосарлы білім жүйесін дамыту тапсырмасын орындау мақсатында жасалынып отыр. Бүгінгі таңда германдық серіктестермен қосарлы білім жүйесін енгізу және «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде инженер-техникалық мамандардың Германия өнеркәсіптерінде тағылымдамадан өтуі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде деп хабарлайды.

Меморандум білім беру саласындағы қарастырылған жобалар шеңберінде Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты ынтымақтасты нығайтуға мүмкіндік берері сөзсіз деп хабарлайды  Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Соңғы жаңалықтар