14:04, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР Білім және ғылым министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды.

Бұл туралы аталған ведомствоның мәліметінде хабарланды.
Жауапты хатшының 2013 жылғы 20 мамырдағы № 71-к бұйрығымен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Заң департаментінің директоры қызметінен босатылып, Әкімшілік департаменттің директоры болып тағайындалды.
Сонымен қатар № 72-к бұйрығымен Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатов Әкімшілік департамент директорының орынбасары қызметінен босатылып, Заң департаменті директорының орынбасары болып бекітілді. Ал 20 мамырдағы № 53-бұйрыққа сәйкес, Заң департаменті директорының орынбасары Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатовқа Заң департаменті директорының міндетін уақытша атқару жүктелді.