ҚР-да мемлекеттік субсидия ипотека ставкасын 10 пайызға дейін төмендетуі мүмкін

«Қазақстанда бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін екінші деңгейлі банктер берген ипотекалық кредиттер үлесі 5 пайыздан аспайды. Салыстырсақ, Ресейде бұл көрсеткіш 50-70%-ті құрайды, бұл әлемдік стандарт», - деді ол. Оның айтуынша, мемлекет ипотеканы субсидиялайды. Ресейде, мысалы, ставка жылдық 11-12%-ды құрайды. «Ипотека бойынша ставка Қазақстанда 17 пайызды құрайды, субсидиялаумен ол 10 пайызға төмендейді. Бізде бір елеулі айырма бар. Көрші елде аяқталмаған құрылысты кепілге қойып, несие алуға болады. Бізде тек дайын тұрғын үйді ғана кепілге қоя алады».
Бағдарламаның барлық әлеуметтік мәні бұрмаланып тұр. Егер оларда пәтер болмаса, отбасы кепілге нені қояды? Бұл мәселе әлі де талқыланады, ымыралы шешімі табылады деп ойлаймын», - деп атап өтті Ыдрышев. Ипотеканы 20-30% бастапқы жарна болған кезде ғана беруге болады. «Ипотекалық қарыздың сомасы 15 миллион теңгеден аспайды, яғни, егер пәтерді 30 миллион теңгеге сатып алсаң, онда сізге осы соманың жартысын береді. Қалған сома сіздің бастапқы жарнаңыз ретінде болуы тиіс. Осылайша, мемлекет, бір жағынан сұранысты ынталандырып, нарықта тағы бір сенімсіздік туындамауға күш салады», - деп қосты ол.