ҚР-дағы РФ Сауда өкілі: Ресей ОҚО-дан ауылшаруашылық өнімді жеткізуге қызығушылық танытып отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ресей ОҚО-дан ауылшаруашылық өнімді жеткізуге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады ҚР-дағы РФ Сауда өкілі Александр Яковлев.
None
None

«Қияр мен қызанақтар біздің нарықта сұранысқа ие. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы үшін тиімді. Алдымен, Сібірге жеткізуге болады. Ресейдің оңтүстігінде көкөністер мен жемістер бар, ал Сіздер үшін Сібірге экспорттау мүмкіндігі бар. Ресейдің солтүстік аймақтарында мұндай өнімге сұраныс бар», - деді Александр Яковлев ОҚО-ға жұмыс сапары кезінде.

Ол Ресей мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып жатқанын еске салды. Жыл қорытындысы бойынша тауарайналым 25% құрайды деп есептейді ол.

«Ресей мен Қазақстан арасында инвестициялық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Сіздердің елдеріңіздің аумағында РФ 58 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. «Лукойл», «Русал», «Газпром» сынды біздің алпауыттар, ірі банктер қызметін жүзеге асырып жатыр. Барлығы 11 мың ресейлік компания», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, басым бағыттардың бірі - шекара маңындағы ынтымақтастық. Ресей мен Қазақстан аймақтары арасында 300-ден астам келісім мен шартқа қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар