13:29, 15 Қараша 2013 | GMT +5
ҚР делегациясы Ташкенттегі ШЫҰ мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің кеңесіне қатысуда
ТАШКЕНТ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ташкент халықаралық бизнес-орталығында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер көлік министрлерінің 6-шы кеңесі өтіп жатыр.

Оның жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сәйкес министрліктерінің жетекшілері, сонымен бірге, ШЫҰ атқару комитетінің өкілдері қатысуда.
Делегация басшылары ШЫҰ аясында көлік саласындағы көпжақты ынтымақтастық перспективаларын дамыту мен оның қазіргі жағдайы жайлы пікір алмасуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттер биліктерінің арасында халықаралық автокөлік арқылы тасымалдауға қолайлы жағдай жасау Келісімін қарастыруды көздеуде. Оның жобасы алдағы 28-29 қараша күндері болатын үкімет басшылары кеңесіне ұсынылады.
Кеңес нәтижесі бойынша делегация басшылары қорытынды хаттамаға қол қояды деп күтілуде.