17:43, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында жүр
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сапар барысында министр Петропавл қаласының әуежайындағы санитарлық авиацияның мүмкіндіктерімен танысты, салынып жатқан 500 орындық қан орталығы мен емхана нысандарында болды.Қазіргі уақытта министр қалалық екінші ауруханада жүр. Онда таяу уақыттары жүрекке операция жасау басталатын кардиохирургия бөлімінің жұмысымен танысты. Бұл жерде ол солтүстікқазақстандық дәрігерлермен және Петропавлдағы екінші қалалық аурухана қызметкерлерімен белсенді ынтымақтасатын Түмен облыстық клиникалық ауруханасының кардиохирургтарымен әңгімелесті.Өзінің жұмыс сапарының соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі облыс активінің кеңесіне қатысады.