19:22, 01 Қазан 2012 | GMT +5
ҚР Дін істері агенттігі мен Түркия Республикасы Діни істер басқармасы арасындағы хаттамаға қол қою қаралды
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасы Қайрат Лама Шариф жаңадан тағайындалған Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өмер Бурхан Түзелмен алғашқы кездесуін өткізді.

Аталған агенттіктің мәліметінше, жүздесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Түркия Республикасы Діни істер басқармасы (Дианет) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою мәселесін қарастырды. Кездесуді қорытындылай келе, тараптар екі жақты ынтымақтастықты бұдан әрі нығайту аясында өзара жемісті әрекеттесуге уағдаласты.