ҚР Дін істері агенттігінің дінтанушы мамандары БҚО жұртшылығымен кездесті

ОРАЛ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласында құрамына ҚР Дін істері агенттігінің дінтанушы мамандары енген республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерімен кездесу болып,
None
None

оған облыс, қала әкімшілігі, жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындарының басшылары және мектеп директорлары, ҮЕҰ жетекшілері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Кездесуде ҚР Дін істері агент­тігі исламдық діни бірлестікте­рмен байланыстар басқар­масының бас сарапшысы, исламтану­шы Наурызбай Өтепов, осы агенттіктің мәдениеттер мен дін­дер­дің халықаралық орталығы­ның аға ғылыми қызметкері Дүй­сенбай Кенжетай және ҚР Дін істері агенттігі дін мәселелері жө­ніндегі ғылыми-зерттеу және тал­дау орталығының жетекші ғы­лыми қызметкері Көкенай Сасат елімізде дінаралық келі­сімді нығайту, дәстүрлі ис­лам құндылықтарын насихаттау, тұрғындардың діни сауат­ты­­лығын арттыру, теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан жастарды сақтандыру сияқ­ты өзекті мәселелер туралы жан-жақты әңгімеледі.

Дінтанушы мамандардың па­йым­дауынша, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы қабылданғалы елімізде ау­қымды іс-шаралар жүзеге асырылып, діни ахуал тұрақтанып келеді. Жұмыс істейтін түрлі конфессиялар мен діни бірлестіктер қайтадан тіркеуден өт­кізіліп, олардың жұмысы туралы ақпараттандыру жақсы жолға қойылған. Тек соңғы екі жыл ішін­де облыс көлемінде жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерімен, мектеп оқу­шыларымен, ауыл жастарымен дін тақырыбына арналған 400-ге жуық кездесулер өтті, оларға барлығы 150 мыңға жуық тұрғын қатысты. Нәтижесі де жоқ емес. Ислам діні ең ізгі дін екеніне көпшіліктің сенімі нығайды, әсіресе, жастар діннің адам өмірінде маңызды орын алатынын түсіне бастады.

29 наурыз күні БҚО дін істері департаментінің ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысында діни экстремизмнің алдын алудағы БАҚ-тың рөлі» атты семинар-кеңес өтпек.

Соңғы жаңалықтар