ҚР дипломатиялық миссиясы Софияда Астанаға арналған фотокөрме ұйымдастырды

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы Софияда Астана күніне арналған фотокөрме ұйымдастырды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға болгарлық саяси, іскер және қоғамдық орталардың өкілдері, танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Болгариядағы Қазақстан елшісі Теміртай Ізбастин өз сөзінде көрмеге қатысушыларды Астана тарихымен, біздің Мемлекет басшысы, Президент Н.Назарбаевтың елорданы ауыстыру және қала құрылыс жөніндегі идеясымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар