ҚР ДСӘДМ азаматтардың әлеуметтік ахуалы мен денсаулығын жақсарту мақсатында белсенді шараларды қолдануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің стратегиялық жоспардың негізгі көрсеткіштері, 2015 жылғы және 2016 жылдың 5 айындағы мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері, алдағы кезеңнің жоспарлары туралы ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінде есеп беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Шараға Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ермек Алпысов, ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің басшысы Бақытжан Тәжібай, денсаулық сақтау саласы комиссиясының басшысы Ермек Ясылов және т.б. қатысты.

Өз сөзінде Тамара Дүйсенова жиын қатысушыларына Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру міндетін қойғанын, бұл - денсаулық сақтау саласы сапасының жоғары деңгейде болуын білдіретінін еске салды. Сонымен қатар, мақсатты тапсырма - Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту.
«Аталған мақсат қысқа уақытта әлем елдері және өз республикамыздың тәжірибесі негізінде денсаулық сақтау жүйесінің жаңа, ұзақ мерзімді үлгісін құруға бар күш-жігерді біріктіруді талап етеді. Ол әлемдік және отандық экономиканың кез келген құбылыстарында қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді», - деп атап айтты ол.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру үшін жаңа ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында бірқатар өзара жүйелі міндеттерді шешу қарастырылады:
1. ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің, Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру.. Оның негізгі міндеті - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау; профилактикалық шараларды өткізу; халықтың хабардарлығын арттыру және т.б.
2. Ауруларды басқару бағдарламасын (әрі қарай - АББ) алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде енгізу.
Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап пилоттық режимде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханада үш нозология бойынша жүзеге асырылуда: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға 1213 адам қатысуда.
Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердің 75%-ында артериалдық гипертензия деңгейінің көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарының қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.
Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудің тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларының, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының емханаларында жүзеге асырылатын болады
3. Негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу.
Аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша қызметтің барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер.
Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деңгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады.
Медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу мақсатында Жол картасы жасалып, 5 үйлестіру кеңесі құрылды, сондай-ақ, оған жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды.
4. Медициналық білім беруді жаңғырту.
Отандық медициналық ЖОО-дағы кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында әлемдегі 500 үздік университеттер қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердегі медициналық мектептер. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап 6 медициналық колледжде мейірбикелерді дайындаудың финдік үлгісі енгізілетін болады.
5. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жобалау тобы құрылып, инфрақұрылым мен МЖМӘ-ні дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақтардың медициналық картасы жасалуда. Картада азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болатын денсаулық сақтау ұйымдары нысандарының саны анықталатын болады. Тізімделген нысандарға құрылыс, қайта құру, жеке секторды тарту мен жекелеген нысандарды МЖМӘ тетіктерін қолдана отырып, сенімді басқару ісі кіреді.
6. Техникамен жабдықтау.
Қазіргі таңда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оның тозу деңгейі анықталды.
Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теңгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады.
7. ҚР ДСӘДМ дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаның халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындады.
Өткен жылы шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда
8. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» жүзеге асыру аясында жаңа Еңбек кодексі жасалып, қабылданғанын еске салды. Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі халықаралық тәжірибені, ең алдымен ЭЫДҮ елдері тәжірибесін ескере отырып, Еңбек заңнамасын ырықтандыруға бағытталған. Ол жұмысшыларға минималды еңбек стандарттары, кепілдіктер мен өтемақыны белгілей отырып,жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастарына мемлекет тарапының араласуын шегін нақты анықтайды. Оны орындауды бақылаудың қатаң тетігі қарастырылған.
«Министрлік Бас прокуратура, қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, апталық еңбекақы қарызын бақылауды жүргізіп отыр. Қазіргі күрделі экономикалық жағдайда әкімдіктермен, кәсіподақтармен, және аймақтардағы кәсіпорындармен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша меморандумдарды жасасу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету жалғасып келеді. Сонымен бірге, жұмыскерлерді босату қаупі бар кәсіпорындардағы жағдай апта сайын бақыланып отырады», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әр» қарай - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асырып келеді. 2015 жылы Жол картасының барлық бағыттары бойынша, оның ішінде ашық бос орындарға тікелей 167 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның 85%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (142 мың адам). Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаңғыртылған болатын. Біз жұмыс орындарын сақтауға негізделген жаңа құралдарды қарастырдық. Бұл - білікті мамандардың жоғалған еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін оқытуға арналған гранттарды беру (қайта даярлау мен бліктілікті арттыру), жұмыс орындарын міндетті түрде сақтау шартымен жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теңгенің 63 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.
Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкіметтің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты.
2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар - 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты.
«Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (әрі қарай - АӘК) жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі», - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.
Сондықтан 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республиканың барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған «Өрлеу» жобасының аясында жаңа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.
«Өрлеу» жобасы қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АӘК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаның жұмысқа жарамды мүшелерінің 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сатылай жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша; мүгедектерді оңалтудың техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен қамтамасыз ету, кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту, кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтіру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді.
Жұмыспен қамту орталықтарының мәліметінше, жыл сайын орталыққа жүгінетін мүгедектердің 75%-ы жұмысқа орналастырылады.
Қиын өмір жағдайына тап болған адамға стационар, күндізгі орталық, үй күтімі, уақытша орналасу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде әлеуметтік қызметтер мүгедектерді, жасы ұлғайған адамдарды, адам саудасының құрбандары, сотталған адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қамтиды. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жыл соңына дейін мүдделері бір қызметтердің өзара қарым-қатынас тетіктерін құру бойынша Жол картасы жасалып, білім жүйесі, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қорғау мен пробация қызметі мамандарын оқыту ұйымдастырылатын болады.
Сөзін қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ-нің 2016 жылға арналған түзетілген бюджеті 2015 жылмен салыстырғанда 33%-ға жуық өсіп, 2 трлн. 996 млрд. 863 млн. теңгеге артқанын хабарлады. 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жоспардың 99,3%-ы (1 трлн. 251 млрд. 529 млн. теңге) игерілді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қызмет тиімділігінің жалпы бағалау нәтижесінде орталық мемлекеттік органдар арасында ҚР ДСӘДМ көшбасшы үштік қатарына енді. Бағалаудың бес бағытының екеуі (ақпараттық технологияларды қолдану мен бюджеттік қаражатты басқару) бойынша бірінші орында.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік қамтылуы, зейнетақы, жәрдемақы, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлердің жалақысы, студенттердің шәкіртақысы, тұрғын үймен, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелеріне Елбасы ерекше назар аударып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында мемлекет саясатының осы бағытына басымдық беріледі.
«Біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр», - деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.
Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.
«Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда - 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі - 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!
Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем - бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл - солардың ақшасы!
Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.
Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.
Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба - «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын», деп атап өтті Елбасы.
«Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды», деген болатын Мемлекет басшысы.
Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына - 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 миллиард доллар көлемінде несие берілді. Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану - Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі.
«Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық. Олар бізді қолдап келеді. Сіздер менің сапарларыммен әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларымен келіссөздерімнің куәгерлері болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл - 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынады деген сөз. Лондон мен Парижге сапарларым да, экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан алғанда, табысты болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 11,5 миллиард долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-қатынастарымыздың тұрақтылығы мен беріктігін және экономикалық интеграцияның дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің сапары инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер шығарады», деді Елбасы.
Дүниежүзінде біз бастаған реформалар туралы, Жүз қадам туралы жақсы біледі және оларды қолдайды. Біз достарымыздың көңілін қалдырмауға тиіспіз. Бұл реформалар, мен аталған Жолдауда алға қойған олармен өзара байланысты міндеттерді орындау оңай болмайды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, оларға балама жоқ. Егер біз осының бәрін жасамайтын болсақ, онда әлемдік дамудан үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, белгілегендеріміздің бәрін жасаймыз.

Экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет етеді.
Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына негізделген. Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.
Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.
Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет - міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеңейеді және денсаулық сақтау қызметінің сапасы артады.
Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады.
Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.
Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр.
Мұндай көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.
Бүтіндей алғанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ.
Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле түседі. Оның бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды.
2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар