ҚР ДСӘДМ-ге қарасты 2 ұйым бәсекелестік ортаға берілді

ҚР ДСӘДМ бәсекелестік ортаға берілетін ұйымдарының тізімі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспарына сәйкес жасалды. Аталған жоспар 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1141 қаулысымен бекітілді, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдармен қатар «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» АҚ және «Республикалық протез-ортопедиялық орталығы» АҚ жекешелендіруге жатады.
«СК Фармация» ЖШС, «Қазмедтех» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ сияқты ірі ұйымдар басымдықпен жекешелендірілетін болады. Олардың жекешелендіру мерзімін құрамында халықаралық кеңесшілері бар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жанындағы жұмыс тобы анықтайтын болады.
Жұмыс тобының негізгі міндеті - ұсынымдар жасау, акциялар пакетінің (қатысу үлесімен бірге) көлемі, шарттары, әдістерін белгілеу, сатылымдағы нысандардың алдын-ала дайындығы мен іске асыру мерзімін көрсету.
Денсаулық сақтау нысандарын бәсекелестік ортаға беру - халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыра түспек.